Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын көпқабатты жылусыз, кәрізсіз, сусыз үйде тұрып жатыр (видео)

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын көпқабатты жылусыз, кәрізсіз, сусыз үйде тұрып жатыр (видео)
ашық дереккөз
Риддер қаласында әйел адам 5 қабатты жылусыз, кәрізсіз, сусыз үйде жалғыз тұрып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Сау тамтығы қалмаған 5 қабатты үйде жылу, су, тіпті кәрізі болмаса да, жалғыз басты әйел тұрып  жатыр. Риддерлік тұрғын осы лашықта тұрудан басқа амалдың жоқ екенін айтты. «Әрине мынадай үйде тұрған өте қиын. Тәулік бойы жұмыста боламын. Үйге демалуға ғана келемін. Үйреніп қалдым. Мазақ етіп отыруға да, басқа нәрсе ойлауға да шама жоқ. Көшеге түней алмайсың ғой. Шыдауға тура келеді», - дейді әйел. Оны естіген қала әкімі өз үйінің, жұмыс орнының жылы екенін айтып әлек. «Сіздерге жылы екенін көрсете аламын. Жылыту батареяларын қолдарыңызбен ұстап көріңіздер. Тіпті үйіме де алып бара аламын. Онда да жып-жылы», - дейді жұмыс қабинетіне қосымша жылытқыш қосып қойған әкім. https://youtube.com/shorts/tVqjL0g3CaM?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар