Басты жаңалықтар
Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты жаңа деректер шықты
- автор kyn.kz
- 19 желтоқсан, 2022
- 235
6 жылға темір торға тоғытылған Қайрат Сатыбалдының әйелі Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты тергеу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Гүлмира Сатыбалдыға тиесілі кәсіпорындардың үлестерін заңсыз иемденудің адам ұрлаумен ұштасқан екі фактісі тергелді.
Жәбірленуші тарапқа келтірілген залал сомасы 6,6 млрд. теңгеден асады.
Қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға 15 желтоқсан күні күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді.
«Гүлмира Сатыбалды, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілініп отыр. Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Оған қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа да эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр.