Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылордалық келіншек күйеуімен балалы бола алмай жүргенде қайынатасынан көтеріп қойғанын айтты

Қызылордалық келіншек күйеуімен балалы бола алмай жүргенде қайынатасынан көтеріп қойғанын айтты
ашық дереккөз
«Күйеуіммен отау құрғанымызға 7 жыл болды. Өзі заңгер болып жұмыс істейді. Негізі екеуіміз бір-бірімізді сүйіп қосылғанбыз. Медбикелікті бітіргенмін. Колледжден кейін университетке оқуға тапсырмадым. Күйеуім қызғанып, тапсыртпай қойды. Үйде отырған келінмін. Көршілер ауырғанда көмек сұрап шақырады. Сондай кезде болмаса, басқа кезде өз саламмен айналысып жүргенім шамалы. Енем – мұғалім. Таңертеңнен кешке дейін мектепте жүреді. Үйде қайынатаммен жалғыз қаламыз күнде. Қайынатам үлкен кісі болса да, өте жас көрінетін, өзінің жағдайын жасап, күтініп қалған адам. Маған деген бір түрлі көзқарасын байқасам да мән бермей жүре бердім. Күйеуіме де айтқан жоқпын. Онсыз да өзіміз жеті жылдан бері балалы бола алмай жүрміз. Соны уайымдап, ойлаумен-ақ күніміз өтіп жатыр. Жан-жағымызға қарауға да шама жоқ. Басқа нәрсені ойлауға да мұрша жоқ. Біраз жерге барып емделдік. Сонда да болмай жатыр. Бір Алладан үмітімізді үзбей жүрген күндердің бірінде қайынатаммен төсектес болдым. Қалай болғанымды өзім де білмеймін. Ол кісіге шай беріп отырғанмын. Бірден қолымнан ұстап, жабыса кетті. Мен де қарсылық білдіре алмай қалдым. «Бәрібір үйде ешкім жоқ қой, мүмкін бала көтерермін» деген ой болды. Қайынатамның өзі де, энергиясы да жібермей қойды. Осылайша күйеуіме қиянат жасадым. «Жарайды, екеуімізден басқа ешкім білмейді ғой» деп едім. Бірақ олай болмады. Қайынатамнан жүкті болып қалдым. Ол кісімен бірге болуға итермелеген ойым тура келді. Енді күйеуіме не айтарымды, қалай айтарымды білмей отырмын. Күйеуім әзірге өзінен бала болмайтынын өте жақсы біледі. Күн өткен сайын ішім де біліне бастайды. Ал енемді ойласам, тіпті жерге кіре жаздаймын. Болған жағдайды ешкімге айта алмай, ішімнен тынып жүрмін. Бірақ мен айтпағанмен, бәрібір бір күні біледі ғой. Сонда не боларын ойлаудың өзі қорқынышты. Балалы болатынымды қайтейін, өмірімнің ойраны шығайын деп тұр енді», - дейді KYN.KZ ақпараттық агенттігінің редакциясына хабарласқан келіншек.   Құрметті оқырман, өз өміріңізде болған шынайы оқиғаларыңыз болса, редакциямызға жолдаңыз. Телефон нөмір, ватсап: +7 777 084 09 65. Егер ол өзгелерге сабақ боларлықтай жағдай болса, жариялауға  дайынбыз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар