Басты жаңалықтар
Қазақ жігіт Оңтүстік Кореяда сатушы қыздың қолын сүйгені үшін қамауға алынды
- автор kyn.kz
- 19 желтоқсан, 2022
- 1.3k
Оңтүстік Кореяға ақша табуға барған қазақ жігіті азық-түлік дүкеніндегі сатушы қызға қырындап, қолынан сүйгені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ cайты.
Бұл туралы Оңтүстік Корея еліндегі қазақстандықтар туралы жаңалықтарды бөлісіп отыратын @korea_komek парақшасында жарияланды.
«Оқиға орнына полиция келген кезде қазақстандық жігіт қашып кеткен. Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері отандасымызды ұстады. Кәріс қызына қырыңдаған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», – делінген хабарламада.
Қазақстан азаматының кінәсі дәлелденген жағдайда 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оңтүстік Кореядағы қазақстандық блогер Самат Ахметовтің мәліметінше, шетелге жұмыс істеуге барған қазақстандық Кореяда заңның осыншама қатал екенін білмеген. Бұл жайлы жігіттің өзі блогерге баяндап берген.
«Мен үлкен қателік жасадым. Қыздан кешірім де сұрадым. Кореяның заңы осыншама қатал екенін, бір ғана қолынан сүйгенім үшін қамауға алынатынымды білген жоқпын. Басқа жігіттерге айтарсыз, олар мен жасаған қателікті қайталамаса екен», – дейді қамауға алынған жігіт.
Келесі мақала