Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды
ашық дереккөз
Экс-шенеунікке 146 миллион теңген жымқырды деген айып тағылды
Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық соты осындай шешім қабылдаған. Экс-шенеунік жемқорлық дауына Ұлттық музейдің директоры болып жүргенде іліккен, деп хабарлайды  KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасап. Антикор оны мамыр айынан бері «Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге бөлінген 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен тергеп жатыр. Мұхамедиұлына киелі орындар мен кинолокация жобаларынан да ақша жымқырды деген айып қосылған. Мәдениет министрі болып тұрғанда бірнеше кәсіпорын мен компанияны туыстарының меншігіне заңсыз өткізді деген де күдік бар. Арыстанбек Мұхамедиұлының мемлекетке келтірген залалы шамамен 7 миллиард теңгеге бағаланған. Ұлттық музей директорының өзі күдікке ілінгеннен кейін 22 минуттық видео-үндеу жариялап, атқарған қызметін, сіңірген еңбегін тізіп шықты. Және өзіне жала жабылғанын айтып, бұған өнердегі кейбір әріптестерін кінәлаған болатын.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар