Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада экс-енесі келіннен қалың малды қайтаруды талап етіп, сотқа берді

Астанада экс-енесі келіннен қалың малды қайтаруды талап етіп, сотқа берді
ашық дереккөз
Дәм - тұзы жараспай ажырасқаннан кейін қалың малды қайтарғысы келген ене көргенсіз бе, қайтармаған келін ұятсыз ба?
Қазақ ұғымында «Қалың мал» байлық пен жомарттықтың белгісі еді. Ал қазір оның мәні өзгерген секілді. Дәм-тұзы жараспай ажырасқаннан кейін қалың малды қайтарып беруді сұрайтындар көбейген, деп жазды KYN.KZ  сайты Астана арнасына сілтеме жасап. «Иә. Мен келініме төлеген қалың малды қайтарып алуға келдім. Себебі, ұлыммен ажырасып кетті». Соңғы уақытта, осылай сотқа арыз жазып, қалың малды даулайтындардың қатары көбейген. Бұл сараңдық па әлде надандық па? Енелердің бұл әрекетін қалай түсінуге болады? Өзін Оңтүстіктің келінімін деп таныстырған әйел күйеуімен дәм-тұзы жараспай, заңды түрде ажырасқан. Арада біршама уақыт өткен соң оған тағы соттан шақырту келіпті. "Енем сотқа беріпті. Бүкіл қалың малды өндіріп, қайтарсын деген сияқты мағынада. Қалың малды бізде қазақта не үшін береді? Қыздың дүниесін апарсын, артынан көрпе-төсегін алып барсын деген сияқты ол заттардың барлығы алынып, менің шешем оның барлығын апарып қойған. Енді қандай оймен, қандай ниетпен олардың бұлай жасап жатқанын түсінбеді? Білмеймін кек алғысы келе ме? Ол жағын түсінбедім. Енді мен қалай ол ақшаны төлеуім керек?",-дейді келін. Қазір елімізде шаңырақ көтерген әрбір үшінші отбасы ажырасатын көрінеді. Ерлі-зайыптылар бұған дейін мүлікті бөлісе алмай дауласса, ал қазір қалын малды қайтару үшін шағымданатын арызқой көбейген. "Арызда қалың малдың көлемін 2 мың доллар деп көрсеткен. Істі қарай келе қалыңдыққа алынған алтын бұйымдар мен былғары тонның құны 1 млн 800 мыңға бағаланды. Соттың шешімімен талап арыз қанағаттандырылмады. Әрине, олар соттың бұл шешімімен келіспей, аппеляциялық сотқа шағымданды. Аппеляцияда да үкімді өзгерткен жоқ. Себебі, ерлі-зайыптылардың ажырасқаннан кейінгі қалың малдың қайтарып алу еліміздің заңнамасында көрсетілмеген. Қалың мал ол өтемақы емес, ол сыйлық болып саналады",- дейді  Астана қаласы  Есіл аудандық сотының судьясы Даржан Хакимова. Ал мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаров қалың малды даулайтын ата-енелердің бұл әрекетін қазақтың тамырынан ажырай бастағанының көрінісі дейді. "Қазақ тарихында болған. Бірақ ол болары болып, бояуы сіңбей тұрып. Мысалы, атастырылса, кейіннен құдалар айнып жатса, үйленетін жігін не қыз қайтыс болса, бір жағдайға ұшырап жатса, билердің шешімімен сол замандағы соттың шешімімен халықтың ұйғарымымен қалың малын қайтып алатын болған. Егер орнына басқа қыз бермесе. Бірақ енді үйленіп, балалы болып, ерлі-зайыпты болып қойғаннан кейін қайтадан қалың мал талап ету ол бір үлкен көргенсіздік деп ойлаймын. Қазақ тарихында да мәдениетінің аясына сыймайтын нәрсе",- дейді  Мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаров. Қалың мал - қазақтың төл дәстүрі. Ұлттың жоралғыларына ешқашан жат көзбен қарамау керек. Мұны жоққа шығарғысы келетіндер сүйегіне таңба салумен тең дейді мамандар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар