Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Балтабек Нұрғалиев: Жаңа жылға жеңілдікпен 100 мың теңгеге ән жазамын

Балтабек Нұрғалиев: Жаңа жылға жеңілдікпен 100 мың теңгеге ән жазамын
ашық дереккөз
Ақын: Менің арнайтын өлеңімнің үлкен емдік қасиет-қуаты бар, жарқырайсыз, тазарасыз. Жолыңыз ашылады.
Үнемі көпшілікті ерекше арнауларымен қайран қалдырып жүретін ақын Болатбек Нұрғалиев енді арнауларын қарапайым халық та жаздыра алатынын айтты. Сөзінше Жаңа жылдық жеңілдікпен өзіңізге арнау жаздыруға болады. Бірақ бұл жеңілдік ақынның талабы бойынша қалталы шенеуніктерге арналмаған.
Ақын мұнымен қоймай соңғы кезде  арнау арқылы бойдағы ауырлықты алып, адамды тазартып, жолын ашып жүргенін де жазыпты, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Маған арнап өлең шығарасың ба?" деп жекеме хабарласушылар өте көп. Бірден айтайын, 5 шумақ өлең бағасы 200000 тг. Бұл тек қарапайым халық үшін ғана. Биліктегілерге басқа баға. Каспи голд мына нөмірде: 8-776-740-37-88. Ақшаны аударарда, аты-жөніңізді жазып, қасына "өлең үшін" деп жазсаңыз жөн болады деп ойлаймын.
Осы телефон нөмірінде ватсап бар, төлем жасалғаны туралы ақпаратты сонда жібересіз. Үлгерсеңіз, Жаңа жылдық жеңілдікті пайдаланып қалуыңызға болады. Орындар саны шектеулі. Жаңа жылдан бастап баға өзгереді. 5 шумақ 1000000 тг болады. Еліміз аман болсын!
Бір нәрсені айтуды ұмытып барады екенмін. Менің арнайтын өлеңімнің үлкен емдік қасиет-қуаты бар, жарқырайсыз, тазарасыз. Жолыңыз ашылады. Бірақ ақша төлейтін кезде, бүріспей-тырыспай, шын көңілмен берген абзал. Себебі басқалай жағдайда кері әсері болуы мүмкін. Солай",- дейді ақын  Балтабек Нұрғалиев.
 width=
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар