Басты жаңалықтар
Жердің құжатын заңсыз сұратты: Шымкенттік дәрігер басқарма басшысына не себепті жақпай қалғанын түсіндірді
- автор kyn.kz
- 22 желтоқсан, 2022
- 412
Дәрігер басқарма мен емхана арасындағы заңсыздықтардың барлығын жайып салды
Шымкент қаласындағы №4 емхана бас дәрігердің міндетін атқарушы (қазір бас дәрігер орынбасары) Гүлмира Нұрбекова мен қалалық департамент басшысы арасындағы мәселе шиеленісе түскен сыңайлы. Себебі осыған дейін KYN.KZ сайтына хабарласып, түсінбестік жайлы баяндаған дәрігер оқиғаға басқа да себептер барын айтты. Сөзінше қалалық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан өзіне қатысты түрлі құйтырқылық пен арандату әркететтері бар.
"Менің жұмысыма "министр Ажар Ғинияттың көңілі толмады, ескерту жасады" деген жауапты көрдім. Ол тіптен маған қатысты емес десем де болады. Себебі менің осы мекемені уақытша басқарғаныма екі айдан асқанда министр келді. Ол кезде менің жұмысыма емес, ғимараттың ескілігі сөз болды. Одан алдыңғы басшылар не үшін ондаған жылдар бойы күрделі жөндеуден өткізбегенін білмеймін. Бірақ ол екі ай ішінде жасалатын жұмыс емес. Алдын ала қаржысы барлығы жоспарланып, ол 1 немесе 1,5 жыл ішінде жасалынатын іс. Сондықтан бұл менің жауапсыздығым емес деп есептеймін",- дейді дәрігер.
Министрді шығарып салғаннан кейін, дәрігер басқарма тарапынан емханаға қарасты бос жатқан жерге қызығушылық туындап, жердің құжаттарын жай ғана алып алу әрекеттері болды деп отыр.
"Бұл жердің тарихы ұзақ. Осыған дейінгі әкім, басшылар заманауи мүмкіндіктері зор емхана саламыз деп инвестор іздеген. Ол өте жақсы бастама. Қолдаймын. Тек мені алаңдатқаны өзім уақытша басқарған кезде сол жердің құжаттарын ешқандай приказ, қағаз жүзіндегі дәлелсіз "Беріп жіберіңіз, көшірмесін болсын көрсетіңіз" деген өтініштер, ауыз екі тапсырмалар көбейіп кетті.
Ол мемлекет мүлкі, маған ол жерден ештеңе керек емес. Тек соңында құжаттар қолды болып кетсе мен жауап беремін ғой? Басқармадан Бердібеков Болат, басқарма басшысы құжатты сұрайды. Мен заңгерден ол қаншалықты заңды екенін анықтауға кірістім. Ол кісі тексере келе приказ яғни сол құжат басқарма басшысына берілсін деген арнайы тапсырма берілген құжатсыз түк істей алмайтынымызды түсіндірді.
Заңгер екеуіміз басқармаға барып басшыға оны солай түсіндіріп те көрдік. Айтатындары "Қазір құжатты жібереміз, сіздер жердің қағазын береберіңдер" дейді. Сол бойы хат келмейді. Құжат берілмейді. Мен одан кейін қалай бар құжатты бере саламын? Ертең оның барлығы меннен сұралады емес пе? Сол өз қауіпсіздігімді қорғағаным үшін жақпай қалдым деп айта аламын.
Осыдан кейін мені қалалық бүкіл медициналық мекемелері басшылары баратын жиындарда тұрғызу, жұмыс барысындағы қарапайым мәселелер үшін ұрысу сынды жағдайлар көп болды. Оған барлығы куә",-дейді Гүлмира Нұрбекова.
Дәрігер одан бөлек тура осы Емханаға бас дәрігерді тағайындау конкурсы болып, ол жерде де әділдік болмады деп налыйды.
"Бас дәрігерді таңдау конкурсына тағайындалған комиссия яғни байқау кеңесінің екі мүшесі қалалық денсаулық сақтау басқармасының екі қызметкері болды. Олар менімен қатар бас дәрігерлікке таласып отырған, басқармадағы өз басшысы (сол сәттегі) Бекбауова Айгүл Жақыпқызын қолдайтыны түсінікті ғой. Осы жерде байқау кеңесі мүшелері дұрыс таңдалмағанын айта аламын. Әрі талап бойынша кандидаттар өз құжаттарын электронды түрде өткізуі керек еді. Ал Бекбауова сол күні, сол жерде қағаздай өткізген. Міне осы жерден бастап заңды белден басу басталды деп есептеймін",- дейді дәрігер.
Қазір осы бойынша Нұрбекованың заңгері сотқа шағым түсірген. Сот шағымды қабылдап, іс енді қаралады.
Нұрбекова мұнымен қоймай тура осы мәселеде, яғни бас дәрігерді тағайындау процессі бітпей жатып басқарма басшысы кімнің жеңетінін жеткізді дейді.
"Қысымдардан шаршап, басқарма басшысымен ашық сөйлесуге бел буып, қабылдауына бардым. Сол кезде неге өзіме жиі қысым жасайтынын, нені дұрыс жасамай жүргенімді сұрадым. Нақты жауап бермеді. Бірден бас дәрігерлікке кімдер түсіп жатқанын сұрады. Мен бәрін айттым. Ол кісі маған "Біз шешіп қойғанбыз. Бекбауова бас дәрігер болады" деді. Ол қалай? Басқарма басшысы өзі шеше салатын болса, таңдау комиссясы неге құрылды? оның барлығы заңды орындадық деген көзбояушылық па?",- дейді дәрігер.
Ал Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына KYN.KZ сайты атынан жоғарыда айтылған мәселелер бойынша үш сұрақ қойылды.
- Бас дәрігерді таңдау кезінде байқау кеңесінің мүшелері қаншалықты заңға сай таңдалды?