Басты жаңалықтар
Қазақстанда әйелдер 2028 жылға дейін 61 жаста зейнетке шығады
- автор kyn.kz
- 26 желтоқсан, 2022
- 329

Мемлекет басшысы мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазды KYN.KZ.
Негізгі түзетулер қатарында:
▪ жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту;
▪ бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 1,5 жасқа дейін ұлғайту;
▪ 2023 жылдан 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жасқа арттыруды тоқтату;
▪ базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту;
▪ ынтымақты зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде табыстың барынша шектелуін 46-дан 55 АЕК-ке дейін арттыру;
▪ сақтандырылған тұлғалар үшін жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орташа айлық табыстың 45%-на дейін арттыру;
▪ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ұсынылатын кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялау.
Келесі мақала
Нұрлан Мәсімовке қатысты қылмыстық іс сотқа берілді
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025