Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сайыров: енді экс - президенттің туыстары бұрын жасаған заңға қайшы әрекеттері үшін де жауап беруі керек

Сайыров: енді экс - президенттің туыстары бұрын жасаған заңға қайшы әрекеттері  үшін де жауап беруі керек
ашық дереккөз
Депутаттар өздері ұсынған жаңа заң бойынша Назарбаев әулеті енді Қазақстандағы қарапайым отбасылардың бірі болды деп отыр
Бүгін Праламент қабырғасында  қос палатаның бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы туралы" заңның күшін жою бойынша заң қабылданды.  Мәжіліс пен Сенат депутаттарынан екі адам ғана қалыс қалды, қалғандарының барлығы  "заң күшін жоюы керек" деген тетікті басты. Осы отырыстан кейін депутат Айдос Сарымға журналистер "Заң қабылданғаннан кейін Назарбаев әулеті қарапайым адамдармен теңестіріледі ме? Заң қабылданса, экс-президент әулетінің мүшелері бұрын жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылады ма?" деген сұрақ қойды. "Әрине егер президент қол қойса Назарбаев әулеті қарапайым Қазақстан азаматтарымен бірдей, тең құқылы болады.  Ал, бұрын жасаған қылмыстар егер болса, жауапқа тартылу жағы Конституциялық сот деңгейде шешілетін жағдай. Өйткені заңның күшіне енген уақыты деген бар. Осы кезге дейінгі қатынастарды реттемейді. Мысалы, президент отбасы, онымен бірге тұратын туыстары бұрын осы заң аясында қандай да бір қылмысқа күдікті болса тексерілмейтін. Яғни прокурор үйлеріне барып сұраққа алмайтын. Енді ондай жағдай болса тексереді деген сөз",-деді депутат Айдос Сарым. Тура осы сұраққа депутат Ерлан Сайыров та жауап берген еді. "Егер туған-туыстарының бұрын заң алдында жауапкершілігі болса, олар заң алдында  жауапкершілікке тартылуы қажет",-деді депутат Сайыров. Екі палата депутаттары жаппай қолдаған заң жобасы президентке жолданды. Енді Қасым - Жомарт Тоқаев қол қойса Назарбаев әулеті қарапайым отбасылардың қатарына қосылады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар