Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Министр "Әр бала үшін әйелдің зейнет жасын төмендетуге болады ма?" деген сұраққа жауап берді

Министр "Әр бала үшін әйелдің зейнет жасын төмендетуге болады ма?" деген сұраққа жауап берді
ашық дереккөз
Министр тамара Дүйсенова көпшілік қызығушылық танытқан сұраққа жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әрбір бала үшін әйелдің зейнет жасын төмендетуге қатысты ұсынысқа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ  сайты Sputnik.kz-ке сілтеме жасай отырп.
Бұған дейін мәжіліс депутаты әрбір бала үшін әйелдердің зейнет жасын төмендетуге ұсыныс жасаған болатын.
Министрдің айтуынша, мәжілісменнің ұсынысы қаралып жатыр. Бірақ қолданыстағы заңнама бойынша әйелдер зейнетке ерте шыға алады.
"Иә, біз қазір Аманжан Жамаловтың ұсынысын қарап жатырмыз. Бізде кеншілер бойынша жұмыс тобы құрылған. Соның аясында осы мәселені де қараймыз дедік. Бірақ қазірдің өзінде заңда бес баласы бар аналар 53 жаста зейнетке шыға алады. Жұмыс істемесе де, төрт баладан артық баласы болған жағдайда мемлекет 12 жылдық еңбек өтілін қосып береді", - деді Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министрдің сөзіне қарағанда, депутаттың ұсынысын іске асыратын болса, бірыңғай жинақтаушы қорында зейнетақыға қажетті қаражат жиналмауы мүмкін.
"Бүгінде бізде зейнетақы еңбек өтіліне және алған табысына қарай есептеледі. Мемлекеттен берілетін зейнетақы, өздеріңіз білесіздер, 98 жылға дейінгі еңбек өтіліне қарай төленеді. Ал 98-ші жылға дейінгі еңбек өтілі болмаса, оған қоса, жинақтаушы қорында ақша болмаса, ол кісінің зейнетақысы да өте төмен болады. Сондықтан біз жұмыс тобында тағы бір рет қарайық дедік. Бірақ осы екі мәселе ескеріледі", - деп атап көрсетті Дүйсенова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар