Басты жаңалықтар
Шешесі: 5-ші сынып оқитын қызымды 29 жастағы еркек зорлап, жүкті етіп үйленді. Енді құлдықта ұстап отыр
- автор kyn.kz
- 16 қаңтар, 2023
- 438
Светлана: Қазір ата- енесі бізді араластырмайды. Қызымның бір баласын туыстарына беріп жіберген
Алакөл ауданының тұрғыны Светлана есімді келіншек жалғыз қызын алып, күйеуімен ажырасып кеткен. Қызын құдаларына тапсырған әйел жалданып жеке шаруашылықта жұмыс істеген. Кейіннен Светлана 5-ші сынып оқитын қызының зорланғанын полициядан естиді. Бірақ ештеңеге қарамастан өзінен жиырма жас үлкен жігітке тұрмысқа шығуына рұқсат береді, деп жазды KYN.KZ.
"Мен басқа жерде жұмыс істеп жүрдім. Қызымның зорланғанын полиция хабарлады. Сол сәтте "Қызыңызға дұрыс қарамадыңыз. Егер зорлаған адамды сотталса, сізде қамаласыз" деді. Содан мен қорқып, үйленулеріне қарсы шықпадым. Баланы алдырып тастауға да қарсы болдым",-дейді Светлана "Көреміз" бадарламасының эфирінде.
"Қызым сол кезден бастап өзін зорлаған күйеуінің үйіне кетті. Қазірге дейін төрт бала туды. Бірінші қызын босанған кезде шаруашылықта істеп жүрдім. Ақшам болды. Бір қойды сойып, үйлеріне барып қайттым. Екінші қызын босанғанда тағы солай бардым. Бірақ қызым перзентханада бір апта емізген баласын күйеуінің туыстарына беріп жіберіпті.
Диана (Светлананың қызы) ештеңе шешпеген. Енесі мен атасы үйленгендеріне біраз болса да бала сүйе алмай отырған туыстарына береміз деп шешіп, солай жасапты. Енді, зорлады, қызым 5-ші сыныпты толық аяқтады, 6- сыныпта бір тоқсан ғана мектепке барды. Барлығына көндім. Енді міне соңғы төрт жылда не үйіне бара алмаймын құдалар кіргізбейді. Не телефон арқылы сөйлесе алмаймын. Қызым құлдықта деп ойлаймын. Құтқаруларыңызды өтінемін",-дейді Светлана журналистерге.
Бағдарлама тілшілері Сарқандқа барып, Диана келін болып түскен отбасын тапты. Бірақ үйде келін жоқ. Атасы мен енесі оның біраз уақыттан бері үйде жоғын айтқан. Балалар бірақ сол үйде жүр. Ал Диананың күйеуі болса оны ешқандай да зорламағанын айтады. "Мен онымен алғаш танысқанда жасын сұрадым. Айтпады. "Қыздың жасын сұрамайды" деп. Содан арадағы жағдай келісіммен болды. Ол сол 5-ші сынып кезінде пәк емес еді. Бірақ мен оның көз жасына қалмайын деп үйлендім. Балаларымды тірі жетім етпейін деп ажыраспадым",-дейді Ринат.