Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Психолог Ахметова әйел бірінші күйеуінің алдындағы міндетін атқаруы керек, ол үй жұмысы тұрмақ баласын емізбесе де болады

Психолог Ахметова әйел бірінші күйеуінің алдындағы міндетін атқаруы керек, ол үй жұмысы тұрмақ баласын емізбесе де болады
ашық дереккөз
Психолог Лилия Ахметова мұсылман әйелінің қандай міндеттері мен таңдауын айтып жұртты шошытты
Психолог Лилия Ахметова  кезінде шоумен болған Нұртас Адамбайға исламды ұстанған психолог ретінде сұхбат беріп, көпшілікті қайран қалдырды. Оның сөзінше мұсылман әйелі отбасында үй шаруасын жасамаса да болады. Тіпті ол баласын емізгісі келмесе міндетті де емес екен, деп жазды KYN.KZ. "Отбасында әйелдің ең басты бір ғана міндеті бар. Ол күйеуінің алдындағы ерлі-зайыпты ретіндегі міндетін атқаруы. Қалғанының барлығына оның таңдау құқығы бар, өз қалауында. Ол үй жинауға, тамақ пісіріп, баланы бағуға міндетті емес. Тіпті сәбиін емізуге де міндетті емес, елестетіңізші. Қалған шаруаны жасау бойынша қамтамасыз ету ерінің міндеті. Егер  жоғарыдағының барлығын әйел өз қалауымен жасаса онда ол сауап жинайды. Түсіну керек, мәжбүрлеуге болмайды. Құранда жазылған. Әйелдер ер адамды тыныштандыру үшін жаралған",- дейді Ахметова
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар