Басты жаңалықтар
"Таңертең азаншы тауып алған": Науқас сәбиді мешітке тастап кеткендер жайлы сұмдық деректер анықталды
- автор kyn.kz
- 16 қаңтар, 2023
- 335
Жамбыл облысы Қаратау қаласында 20 жастағы келіншек мүгедек баласын таппай қалғанын хабарлаған болатынбыз. Сәбиі сал ауруына шалдыққан. Жасы - 2-де. Айтуынша, ол түнде дүкенге шығып кеткен, - деп хабарлайды "Астана" арнасы. Ал баланың қасында әйелдің анасы болған көрінеді. Үйге келіп, баласын таба алмаған соң полицияға хабарлаған. Сәбиді іздеуге 80 полицей мен 50 ерікті жұмылдырылған. Кейін белгілі болғандай, үйге анасының таныстары келіп, көңіл көтерген. Науқас бала жылай берген соң ащы суға тойып алған ер адамның бірі оны көрпеге орап, жақын жердегі мешітке апарып тастапты. Азан шақыруға барған имам жылап жатқан баланы көріп бірден құзырлы органға хабар берген.
"Оны осы мешітіміздің азаншысы Абай Омаров деген ағамыз азан айтуға келгенде көріп қалады. Баланың үсті ашық тұрған. Тезірек курткасын алып жабады. Бірақ мешітіміз қуанышқа орай, өте жылы болатын. Медицина мамандары келіп тексергенде денесінде ешқандай жарақаты жоқ, бала аман-сау", - деді бас имам Жалғасбай Дүйсенбайұлы.
Күдікті бұл әрекетін түсіндіре алмай отыр. Тек "мас болып қалдым" деп ақталуда. Қазір "адам ұрлау" бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.