Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерке Есмаханның өзінен 12 жас кіші әншімен жүретіні расталды

Ерке Есмаханның өзінен 12 жас кіші әншімен жүретіні расталды
ашық дереккөз
Жұрт Ерке Есмаханды жас жігіттерге құмар Алла Пугачеваға теңеп жатыр
Раим лақап атымен танылған отандық жас әнші Ерке Есмаханмен бірге түскен суретін жариялап, осыған дейін таралған қаңқау сөздерге нүкте қойды, деп жазады KYN.KZ.  Раим Еркені еркелетіп отырған суретін желідегі парақшасы мен сторизге жариялап, хит әншімен қарым-қатынасы барын растады. Айта кетелік, бұған дейін Раим мен Еркенің байланыста екені айтылғанымен, нақты дәлелдер болмаған еді. Осы суреті арқылы екі әншінің романтикалық қарым-қатынаста екенін байқауға болады. Әнші суреттің астына ешқандай жазба қалдырмады. Ал пікір жазушылар Раимның бұл таңдауын түсіне алар емес. "Алты жыл жүрген қызын тастап кеткен бе, осы кемпушка үшін?", "Алла Пугачева мен Максим Галкин", "Жап-жассың ғой, нең бар?",  - деп жазды желі қолданушылары. Еске сала кетейік, Ерке Есмаханның өзінен әлдеқайда жас жігітпен көңіл қосқаны бірінші рет кездесіп тұрған жоқ. Бұған дейін ол Ninety One тобындағы Азаматтың да ғашығы болған. Ал Еркенің бірінші некедегі жолдасы - танымал журналист Асхат Садырбай. Олардың Мүслім есімді ортақ ұлдары бар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар