Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда тұратын жүкті әйел Непалдағы адам шошырлық әуе апатынан көз жұмған

Қазақстанда тұратын жүкті әйел Непалдағы адам шошырлық әуе апатынан көз жұмған
ашық дереккөз
Елена Бандуро танымал блогерлердің бірі болған
Непалдағы әуе апатынан қайтыс болған жолаушылар арасынан Қазақстанда тұратын жүкті әйелдің денесі табылды, деп жазады KYN.KZ. Ресейлік азаматша Елена Бандуро блогер әрі SMM маманы болып жұмыс істеген. 33 жастағы келіншек Непалдағы күйеуіне ұшыр барған. Бұл туралы оның әпкесі Ксения айтып берді. «Лена расымен Непалға баратынын жоспарлады. Ол сол жақтағы күйеуі Максимге кеткен болатын. Оның аяғы ауыр еді. Өткен аптада ған қуанышты жаңалығын туыстарымен бөліскен болатын. УЗИ-ге түсіп, ішіндегі сәбиінің қыз бала екенін білген», - дейді марқұмның әпкесі. Қазіргі таңда арнайы құрылған комиссия әуе апатының себептерін анықтауда. Айта кетелік, Катмандуден Покхаруға бағыт алған Yeti Airlines компаниясына тиесілі ATR 72 жолаушылар ұшағы қонар алдында өртеніп, үңгірге құлап кетті. Борттағы 72 адамның бәрі де қаза тапқан.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар