Басты жаңалықтар
"ТikTok"-тан сақ болыңыздар": Өзіне қол жұмсаған 13 жасар қыздың әкесі шындықты айтты
- автор kyn.kz
- 17 қаңтар, 2023
- 296
Қайғылы оқиға 12 қаңтарда болған
Алматы облыстық полиция департаменті 12 қаңтар күні жетінші сыныпта оқитын қыз баланың өзіне қол жұмсағанын хабарлаған болатын. Желіде марқұм қыздың әкесінің жазбасы жарияланды, - деп хабарлайды KYN.KZ. «12 қаңтар күні мен 13 жасар қызымды жоғалтып алдым. Әйелім екеуміз үйге келгенде, ол баспалдақта асылып тұрды. Сіздерге айтарым, балаларыңыздың телефонын тексеріңіздер, өтінем... Басқа балалар аман болсыншы... Мұның бәрі телефоннан екен. TikTok-та бір ойын бар екен. Бірнеше турдан тұрады. Алдымен тамыры кеседі, кейін асылып қалады.
Менің қызым 12-сі күні өзіне қол салды. Тап сол күні Таразда екі жасөспірім қайтыс болған. Олар артында хат қалдырып, телефоннан бәрін өшіріп тастаған. Менің қызым да бәрін өшіріпті. Қазір прокуратура істі қолға алды. Балаларыңызды жиі тексеріп отырыңыздар, барлық бала аман болсын», - деді қыздың әкесі.