Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Соқыршекке ота жасаған теміртаулық жігіт екі ай бойы қиналып, қайтыс болды

Соқыршекке ота жасаған теміртаулық жігіт екі ай бойы қиналып, қайтыс болды
ашық дереккөз
Қазіргі таңда аурухананы тексеру басталды
10 қаңтар күні 27 жастағы Теміртау тұрғыны Мақсат Рысмағанбетов қайтыс болды. Ауруханаға өз аяғымен келген ол дәрігерлердің қателігінен көз жұмған, деп жазады «Патриот» парақшасына сілтеме жасаған KYN.KZ. Туыстарының айтуынша, дәрігерлер соқыршекті көрмей қалған. Соның салдарынан, жұқпалы ауру ағзаға түгел тарап кетеді (сепсис). Ал соқыршекті алып тастаған соң, науқастың жағдайы қиындап кеткен. Екі ай бойы жаны қиналған жас жігіт жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі таңда денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аурухананы тексеруде. Тексеру барысында науқасты емдеген барлық дәрігерлер сұралады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар