Таксиші әйелді жеткізіп тастаған мекен жайды туыстары мен полицияға түсіндіріп берді
40 жастағы Елена Федеровичеваның қайда кеткені белгісіз. Ол 16 қаңтар күні соңғы рет Павлова 48 мекен-жайынан такси шақыртқан. Ал такси жүргізушісі оны Бектұров көшесіне жеткізгенін айтты.
Алайда оның әрі қарай қай бағытқа кеткені беймәлім. 3 күннен бері полиция мен еріктілер оны іздеп таба алмай жатыр. Жоғалған күні әйелдің үстінде ұзын күртеше, басында көк түсті бас киімі болыпты. Ал бойы 1 метр 65 см. "Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөліміне оның бауыры әпкесінің жоғалып кеткені туралы хабарлады. Аталған дерек тіркелді. Қазіргі уақытта оны іздеу шаралары жүргізіліп жатыр",-дейді Облыстық полиция департаменті криминалды полиция басқармасының жедел уәкілі Дәуіт Госманұлы.