Басты жаңалықтар
Украинадағы жағдайға саяси баға берген депутат Әбілдаев партиядан қуылды
- автор kyn.kz
- 19 қаңтар, 2023
- 275
Енді ол "Ақ жол" партияы мүшесі емес
Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев "Ақ жол" демократиялық партиясынан шығарылды.
Бүгін Астанада партияның ұлттық кеңесі пленумға жиналып, мәжіліс депутаты Әбілдаевтың сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді.
"Ұлттық кеңес мүшелері Әбілдаевтың сөздері "Ақ жол" партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы бұзып тұрғанына баса назар аударды. Партия қашан да республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды", - делінген ресми хабарламада.
Ұлттық кеңес шешімімен Әбілдаев партия қатарынан шығарылды. Ал Орталық сайлау комиссиясына оның депутаттық мандатын тоқтату туралы хат жолданды.
Айта кетері, Әбілдаев сұхбаттарының бірінде Путин мен Украинадағы арнайы операцияны қолдайтынын айтқан болатын.
Дереккөзі:Sputnik.kz
Келесі мақала