Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талдықорғанда 15 жасар құрбысын сабаған қыз неге мұндай қатыгездікке барғанын айтты

Талдықорғанда 15  жасар құрбысын сабаған қыз неге мұндай қатыгездікке барғанын айтты
ашық дереккөз
Таяқталған қыздың миы шайқалып, денесі көгеріп, көзіне ауыр зақым келе жаздаған
Талдықорғанда жалдамалы пәтерде төбелескен қыздардың әрекеті бар Қазақстан халқын шошытқаны рас. Қыздар тіпті кәмілет жасына да толмаған. Кадрда Мадина есімді оқушыны сабаған Айсұлу 17 жаста. Анасының сөзінше оның қатыгездікке баруына жеке өмірінде болған сәтсіздіктер себеп болуы мүмкін, деп жазды KYN.KZ  "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасай отырып. Айсұлу  өзінен екі жас кішкентай қызды не себепті сабағанын түсіндірді. "Мен қатты ашуға беріліп кеттім. Мадинадан кешірім сұраймын. Бірақ, ол өзі біледі кешіреді немесе жоқ. Ол менің және құрбыларымның телефонын ұрлап алды. Соны мойындатып, видеоға жазып отырған едік. Өз әрекетімді дұрыс емес деп ойлаймын. Алдағы үш жылда өзгеріп, өзімді қолға аламын. Жақсы жаққа өзгеремін",-дейді  Айсұлу.  width= Ал, оның анасы болса  Мадинаның өзі Айсұлуды осыншалықты ашулануға жеткізген деп отыр. "Сіздер қазір бәріне Айсұлуды кінәлі көріп отырсыздар. Мадинаның да кінәсі көп негізі. Ол полицияда бірнеше іс бойынша тіркеуде тұр. Жаман аурумен больницада тіркеуде.  Анасына керек емес, тастап кеткен.  Әжесіне де осыған дейін керек емес еді. Енді неге қорғаштағанын білмеймін. Кезінде талай рет ол қызды үйінен қуып жіберіп еді. Енді мен өз қызымдікі дұрыс демеймін. Айсұлу кінәлі деп танылса жазасын алсын. мына видеоны көргенде өзім қатты ұялдым, шошыдым, таяқ жеген қызды аядым. Менің қызымды алып қашып кетіп тұрмыста болып келді. Одан жүкті болып келіп, оны алдырды. Сол оқиғалар оның жүйкесінің тозуына себеп болған болуы керек. Менде өз денсаулығыммен кетіп, бұның тәрбиесіне қарамадым. Сол үшін айыптымын",- дейді Айсұлудың анасы. Таяқталған Мадинаның әжесі болса полицияға арыз жазып, немересін сабағандардың қатаң жазалануын талап етіп отыр.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар