Басты жаңалықтар
Байзақова баланы ұрып 36 мың тг айыппұлмен құтылған әкімнің орынбасарын масқаралады
- автор kyn.kz
- 28 маусым, 2018
- 405
Айжан жазадан жай ғана айыппұлмен құтылған әкім орынбасары туралы шындықты жайып салды
Ақмола облысында баланы ұрып 36 мың тг айыппұлмен құтылған әкім орынбасары мен жасөспірімді көлікпен қағып небәрі бір жылға бас бостандығынан айырылған Риддер әкімі туралы Айжан Байзақова желіде өз пікірін білдірді деп хабарлайды KYN.KZ Жазадан оңай құтылған билік басындағыларға ашынған Байзақова оларды желіде барынша мазақ қылды. Айтуынша ол кезінде түнгі клубта боқтағаны үшін 15 мың тг айыппұл төлеп құтылуға тырысқан, алайда сот оған мүмкіндік бермей, қамауға алған.
"Шынымды айтайын, менде кезінде 15 мың тг беріп құтылғым келген. Бірақ сот маған қауіпті қылмыскерге қарағандай көзқараспен қарап, бұл ЗАҢ деген болатын. Боқтауға болмайды, әйтпесе түрмеде отырасың! Міне комедия", - деп жазды Айжан. Айжанның жазбасынан кейін оқырмандар оны қолдап, билікті біраз сынап тастады.