Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыдағы өрт: Сегіз баланың анасы құжаттары мен барлық тауарынан айырылды

Алматыдағы өрт: Сегіз баланың анасы құжаттары мен барлық тауарынан айырылды
ашық дереккөз
Көпбалалы ана: Күйеуім жұмыссыз, пәтер жалдап тұрамыз, табысымыздың бәрінен айырылдық
Бүгін таңертең Алматыдағы Түркісіб ауданындағы қоймада өткен өрт кезінде біраз саудагерлер жапа шекті. Солардың бірі сегіз баланың анасы жан айқайын жеткізді деп хабарлайды KYN.KZ Өтр кезінде барынан айырылғандардың бірі Әсемгүл Әдісқызы құжаттары мен тауарларынан айырылып қалды. Оның айтуынша өрт таңғы сағат бесте басталған. "Менің ұлым сонда түнгі кезекте жұмыс жасайды. Оның телефоны жоқ, мен жүгіріп бардым, жыладым, баламды іздедім. Қоймада менің балаларға арналған концелярлық тауарларым бар еді. Мен пәтер жалдап тұрамын, сегіз бала асырап отырмын, күйеуім жұмыссыз, пенсия жоқ енді не істеймін? Несиемді қалай жабамын?" , - деді шарасы таусылған әйел. Көлемі 17380 шаршы метрді құрайтын алып өртті 44 рет 132 тонна су құйып өшірілді. Тілсіз жау сағат 10.46 тоқтатылды. Барлығы 13 қойманың тек 4-уі ғана аман қалды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар