Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерке Есмахан Raim-нан махрге не сұрағанын айтты

Ерке Есмахан Raim-нан махрге не сұрағанын айтты
ашық дереккөз
Әнші күйеуінің материалдық жағдайы жақсы екенін айтып қалды
Әнші Ерке Есмахан мен  Раимның үйленгенін  көптеген адамдар сынға алып жатты. Ал, желіде оқырманы көп танымал азаматтар ол екі жастың махаббатын араласпауды сұрап, көпшілікке мұның әбестігі жоғын түсіндіруге тырысты. Осы оқиға талқыға түскен сәтте желіден көрінбей кеткен Ерке өз оқырмандарымен сұрақ-жауап "ойынын ойнады", деп жазды KYN.KZ. желі қолданушылары  Еркеден келіндік өмірі жайлы сұраған. "Қалай екен келін болған?" дейді әншінің оқырманы. "Әлі келін деген сөз естіген жоқпын. барлығы "Еркежан, қызым" деп еркелетеді. Бұйырса, келіндік өмірді алда саламын ғой. Әбіржіп жүргенімді көруге асықпаңыздар",-деген әнші. Тағы бір оқырман "Бұлыңыз күйеуіңізді қалай қабылдады?" деп сұраған. "Олар бірнеше жылдан бері таныс. Бұрын жақсы дос еді. Қазір араларында ерекше махаббат оянды. Мысалы оны мектепке мен апарып әкелмеймін ғой. Ол қамқорлығын төгуде Муслим бақытты" -деген Ерке Есмахан. Қыздар қауіміне қызыты сұрақтардың бірі "Махрге не сұрадыңыз?" деген қызығушылық көп болған сияқты. "Жан жарымның бір үйір жылқысы бар. Менде ең құрығанда біреуі болсыншы деп әппақ тұлпар сұрадым",-дейді Ерке Есмахан. Жас келін атанған әнші бүгінде атасынан да жағымды сыйлық алып үлгерген. Қайын атасы кешкісін келіннің көңілі көтерілсін деген ниетте әдемі гүл шоғын сыйға тартыпты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар