Басты жаңалықтар
Министр 4%-тікк автонесиені алудың жаңа ережесін айтты
- автор kyn.kz
- 25 қаңтар, 2023
- 192
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автокөлік кредиті жаңа схема бойынша берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Бұдан былай қазақстандықтар жеңілдетілген кредит бағдарламасы бойынша көлік алатын болса, алдымен өнеркәсіпті дамыту қорына барады. Сол жерде электронды тізім жасақталады. Осыдан кейін ғана автосалон мен банктерге бару қажет.
Министрдің айтуынша, бұл жүйе көліктерді уақытылы жеткізу мақсатында іске қосылмақ.
"Қолжетімді көліктермен қамту үшін осындай жүйені ұсынып отырмыз. Осы айдың аяғына дейін бағдарламаны іске қосу жоспарда бар. Бұл аптада өнеркәсіпті дамыту қоры брифинг өтікізіп, егжей-тегжейін айтады", - деді Қарабаев журналистерге берген сұхбатында.