Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда дәрігер мен мұғалімді боқтағандар қалай жазаланатыны айтылды

Қазақстанда дәрігер мен мұғалімді боқтағандар қалай жазаланатыны айтылды
ашық дереккөз
Отбасында боқтағандарға да арнайы айыппұл белгіленді
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандар қалай жазаланатынын түсіндірді, деп жазды KYN.KZ. Мұқанованың сөзінше, қоғамдық орындарда боқтағаны үшін 20 АЕК ( 69 000 теңге) айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы 2023 жылдың 1 наурызынан бастап қолданыла бастайды. Мұндай нормалар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына енгізілген. Сондай-ақ, вице-министр дәрігерлерге немесе мұғалімдерге тіл тигізгені үшін айыппұл екі есе көп болатынын атап өтті. "ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабында балағат сөзді отбасында айтқаны үшін ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал мұғалімге немесе дәрігерге бағытталған боқтық сөз үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған", - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық орында балағат сөз айтушыларға жазаның қатаңдатылғаны 9 қаңтарда белгілі болды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар