Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Таяққа сұранып тұратын әйелдер көп": психолог күйеуімен жиі ұрсатын әйелдердің үш түрін айтты

"Таяққа сұранып тұратын әйелдер көп": психолог күйеуімен жиі ұрсатын әйелдердің үш түрін айтты
ашық дереккөз
Маман олардың не себепті таяқталатынын түсіндіріп, талдап берді
Танымал психолог Серікгүл Сали отандық бағдарламалардың бірінде зәбір көрген әйелдерге қоғам болып  қанша көмек қолын созса да еш нәтиже болмайтын жағдайлар көп екенін айтты, деп жазды KYN.KZ. Оның  айтуынша күйеуінен таяқ жеген әйелдерді дағдарыс орталығына орналастырып, барлық жағдайын жасап, мамандар ақыл кеңестерімен бөлісіп, психологтармен жұмыс жасайды.  Біраз уақыт өткеннен кейін ондай келіншектер өзіне келіп, қайта мамандардан тығылып, күйеуіне  баруға асығады екен. "Оның да бірнеше себебі бар . Мәселен,  мұндай әйелдердің бірінші түріне тоқталсақ. Олар өзінің отбасында зорлық-зомбылық көріп өскен. Мұндай жағдай әйелге бала күннен  қалыпты болып кеткен. Екіншісі өзін шыдамды, батыр адам сезінгісі келеді. Төзеберсем барлығы бір күні бітеді деп іштен тынатындар. Келесі кезекте өмір бойы таяқ жеп өсіп, соған өзі сұранып тұратын, ер адам өзіне қол көтермейінше тынышталмайтын  әйелдер бар.  Олар жанжалды өзі бастайды, өзі ұрысады, өзіне қол көтермейінше қоймайды. Таяқ жегеннен кейін өзін жәбірленуші сезінеді. Жылайды, айналасына айтады. Содан жеңілдеп өмір ағысын сондай бір әдетке айналдырып алады. Олар бейсаналы түрде осындай жағдайды өздері жасайды. Өмірінің соңына дейін бейсаналы түрде. Бұл өте қауіпті. Ақылға емес эмоцияның күшіне мінген адам, өзін басқара алмаса соңы тіпті өте қауіпті",-дейді психолог.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар