Нұрлан Нұркенов Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп жазды KYN.KZ
Нұркенов Нұрлан Жаңбыршыұлы – Целиноград қаласында 1976 жылдың 3 қарашасында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы «Шамшырақ» ХЖҚ-да менеджер ретінде бастаған болатын.
2003 жылдан 2006 жылға дейін Астана әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмыс бөлімнің бас маманы, өндірістік сала бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2006-2010 жылдар аралығында ҚР Президенті Іс басқармасының күрделі құрылыс және техникалық қадағалау, ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыстар жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі және орынбасары қызметін атқарды.
2010 жылы Астанадағы «Мөлдір су» ЖШС басшысы қызметіне тағайындалды.
2013 жылдан 2014 жылға дейін Бурабай ауданының әкімі болды.
2014 жылдан Ақмола облысы әкімінің өндірістік сала жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылғы маусымнан 2019 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.
2019 жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.