Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты

Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
ашық дереккөз
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов "Өзін банкрот" жариялаған адамдардың алдында не күтіп тұрғандығын айтты , деп жазды KYN.KZ

«Азаматтарға 5 жыл ішінде (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредит берілмейді. Сонымен қатар 7 жылдың ішінде қайта банкроттыққа жүгіне алмайды. Олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар қолданылмайды», - деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Вице-министрдің сөзінше, банкроттық бұл - қара таңба. Сондықтан борышкер қарызды кешіру емес, соңғы қадам ретінде қарау керек.

«7 жыл ішінде банкрот деген атақ борышкерлер тізілімінде тіркеліп тұрады. Басқа банк, ұйымдар бұл ақпаратты ала алады. 7 жылдан соң банкроттық мәртебесі өтсе де, азамат несие алатын болса банк тарапынан ол туралы мәлімет алынып, оң шешім қабылданбауы мүмкін. Сондықтан банкроттық соңғы тәсіл. Азаматтар өзін банкрот деп жарияламас бұрын, ықтимал салдары мен шектеулер туралы ойланып, салмақты шешім қабылдауы керек », -деді Ержан Біржанов.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар