Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мақпал Исабекова бала асырап алуды жоспарлап жүр

Мақпал Исабекова бала асырап алуды жоспарлап жүр
ашық дереккөз
Әнші өз ұлы қандай дінді ұстанамын десе де қарсы болмайтынын айтты
Мақпал Исабекова біраз уақыт өз тыңдармандарынан алшақтап барып, қайта оралған еді. Оның себебі де жоқ емес. Көпшіліктің жүрегін әнімен жаулаған әнші тұрмысқа шығып, тұңғышын дүниеге әкелген еді. Енді ол қайтадан желіге жиі шығып, көпшілікпен онлайн араласа бастады, деп жазды  KYN.KZ. Исабекованың оқырмандары “Балалар үйінен сәби асырап алар ма едіңіз?” деген сұрағына  “Иә, бұл туралы көптен бері ойланып жүрмін. Күйеуім бұл ойымды қолдайды”, – деп жауап берді. Сондай-ақ, ол ұлы Теодордың болашақта қай дінді қабылдайтынын өзі шешетінін айтты. “Дінді адам жаны неден тыныштық табатынын түсіне бастағанда өзі таңдайды. Оған басқаның араласуын күштеу деп білемін. Мен балама сенім туралы, Жаратқан мен оның махаббаты туралы айтамын. Барынша жақсы адам қылып тәрбиелеуге тырысамын”, – деп жазды Мақпал Исабекова.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар