Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өзін-өзі банкрот деп мемлекеттен көмек алғандар 5 жыл бойы несие ала алмайды

Өзін-өзі банкрот деп мемлекеттен көмек алғандар 5 жыл бойы несие ала алмайды
ашық дереккөз
1 млн 100 адам өзін банкрот деп жариялап мемлекеттен қолдау ала алады
Қазақстанда 1 млн 100 адам банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды  KYN.KZ Sputnik басылымына сілтеме жасай отырып.
Айтуынша, қаңтар айының басынан бері ведомствоға банкроттық мәселесімен 10 мыңнан аса адам жүгінген.
"Барлығы 1 миллион 100 адам банкроттыққа өтініш бере алады. Одан аспайды. Бірақ банкрот болу, болмауды әркім өзі шешеді. "Банкрот" мәртебесі "қара таңба" сияқты ғой, сондықтан азаматтардың көбі ойланып шешіп қабылдайды деген сенімдемін", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ол банкрот атанған азамат бес жыл бойы жаңа кредит ала алмайтынын атап өтті. Бұған қоса "банкрот" статусы 7 жыл бойы сақталады.
Еске салсақ, банкроттыққа өтініш қабылдау 3 наурызда басталады.
Қарызын төлей алмай жүрген қазақстандықтар 3 түрлі рәсім бойынша кредитінен құтыла алады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар