Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

90 жасқа келген әйел түрмеге түскен сәтте 100-ден аса ер адамды неге өлтіргенін айтып, көпшілікті шошытқан

90 жасқа келген әйел түрмеге түскен сәтте 100-ден аса ер адамды неге өлтіргенін айтып, көпшілікті шошытқан
ашық дереккөз
Сұлуда сымбатты әйелді айналасындағылар адам өлтіруге барады деп мүлде ойламаған
Анна Драксин бай отбасынан шыққан қарапайым сүйкімді қыз болып өсті. Оның медицина саласына қызығушылығы ерекше еді. Бірақ бақытсыз сымбатты бикешті басынан өткен жағдай, нағыз құбыжыққа айналдырды, деп жазды KYN.KZ. әйел алдымен әскери үлкен кісінің қорлауына түседі. Бірнеше жыл зорлық көрген жас қыз намыстанса да ешкімге  ауыз ашпаған. Артынша тұрмысқа шығып, күйеуінің соққысына, қорлауына шыдап жүреді. Бірақ, ібден шаршаса керек ол өз күйеуін улап өлтіруге бекінеді. Күйеуін жерлегеннен кейін Анна үйдің бір бөлігінен зертхана жасады.  XIX—XX ғасырдың басында оны барлығы  "Ануйка апа"  шөп дәрімен емдеуші деп атаған . Емші  күйеулерінен зардап шеккен шаруа әйелдерінің арасында кең танымал болды. Әйелдер күйеулеріне шағымданып жатқанда, Ануйка жұбайларының салмағын есептеп , "сиқырлы суды" дайындайтын. Оның құрамында мышьяк пен өсімдік токсиндерінің қажетті дозасы болған. Қоспаны қабылдағаннан бірнеше күн өткен соң, күйеулері бірден жер жастанып кеткен. Ол ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында кем дегенде 100-150-ге жуық еркекті улап, солардың өліміне себеп болуы мүмкін. Ануика апа 1928 жылы 90 жасында қамауға алынып, 1929 жылы екі кісі өліміне қатысы бар деп 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда жасына байланысты сегіз жыл ғана  түрмеде отырған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар