Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ринат Заитов деутаттыққа өзін ұсынды: Мені райымнан қайтармақ болып, ақша ұсынғанда бар

Ринат Заитов деутаттыққа өзін ұсынды: Мені райымнан қайтармақ болып, ақша ұсынғанда бар
ашық дереккөз
Ақын Ринат Рифхатұлын қолдайсыз ба сайлауда?
Айтыскер, ақын Ринат Зайытов мәжіліс сайлауына өз кандидатурасын ұсынып, депутат болуды көздеп отыр, деп жазды KYN.KZ сайты. Ақын тіпті, сайлауға түсу үшін билік басындағыларға ескерту жасады. «Сайлаудың алғашқы былықтары басталды. Бүгін журналист Думан Мұхамедкәрімді күлкілі сылтаумен кандидаттыққа сәйкес емес деп таныды. Хош, бұған да үнсіз көндік делік. Ендігі кезекте – менің құжат тапсыруым. Көрейік, нені сылтау қылады екен? Бізді қойшы. Халық не дейді? Сол жағын билік ойланды ма екен? Өзін-өзі ұсынып жатқан азаматтардың көпшілігі елдің сенім артып отырған тұлғалары. Билік оларды кеудесінен итергенімен, құлата алмайды. Себебі оларды арқасынан халық демеп тұр. Ойланыңыздар! Әлі де уақыт бар. Бұйырса, ертең мен де құжат тапсырамын. Ақша ұсынып «театрға жақсылық жасаймыз» деп, жолдан қайтармақ болып, ортаға адам салып жатқандарға беретін жауабым біреу: ЖОҚ! Мен Құдайдан қатты қорқамын. Халыққа 2019 жылы алаңда тұрып берген уәдем бар. Ал халық – Құдайдың бір аты», – деп жазды Р.Зайытов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар