Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бұрыңғы абыройдан түк қалмады": Болат Назарбаевтың атындағы 250 гектарға жуық жер алынады

"Бұрыңғы абыройдан түк қалмады": Болат Назарбаевтың атындағы  250 гектарға жуық жер алынады
ашық дереккөз
Экс-президенттің інісі ол жерлерге ойын- сауық орталықтары мен тұрғын үй кешендерін салуды жоспарлаған
Болат Назарбаевтың атында Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы, Қаскелең, Шымкент сынды ірі қалалардағы ең тиімді, яғни  орталықтардан алынған жер телімдері болған. Барлығын қосқанда 59 жер телімі, 250 гектарға жуық жер. Ол жер телімдерінің барлығы қандай жолмен Болат Назарбаевтың атына жазылғаны белгісіз болып тұр, деп жазды KYN.KZ. Аманат партиясының кеңесі басшысы Ерлан Саиров  ол жерлерді мемлекет меншігіне өткізуге енді атақты тек пен  бұрыңғы абырой көмек бола алмайтынын қадап айтты. " Астана, Алматы, Талғар, Қаскелең, Түркістан облысындағы жер телімдеріне қазірдің өзінде ойын- сауық орталықтары, тұрғын үй кешендері салынып жатыр. Енді өткен абырой, танымал тек бізге кедергі бола алмайды. Халықтан алынған дүние, халыққа қайтарылады. Біз мұны прокуратурамен тексере отырып нақты құжаттарға қол жеткіздік. Барлы мемлекет меншігіне өтетін болады. Құлыбаев болсын, Клебанов болсын, "Арселор Миттал", "Халық банк", Жусан банк" барлығын кеңесте қарап, тексеретін боламыз",- деді Ерлан Смаилов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар