Басты жаңалықтар
"Көңілім толқып, қобалжып жүрмін":Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады
- автор kyn.kz
- 2 ақпан, 2023
- 1.4k
Актердің болашақ күйеубаласын көргендер жақсы тілектерін ақтарды
Халыққа "Алдараспан" театры арқылы танылған актер Нұржан Төлендиев тұңғышын ұзатып, құда болғалы жатқанын өзі хабарлады, деп жазды KYN.KZ.
"Бүгін менің көңілім алып-ұшып тұр. Себебі, хор қызым — Қорлантайымды ұзатқалы жатырмын. Бұл жиналған асыл азаматтар ақ тілегін арқалап, қуанышымды бөлісуге келген достарым. Сіздерге үлкен рақмет. Бүгінгі мәслихаттан естелік",— деп жазды Нұржан Төлендиев. Көпшілік актердің отбасына сәттілік, қызына бақыт тілеп жатты. Нұржан Төлендиевтің жары да актриса. Көпшілік актердің әйелін "Алдараспан" теле жобасы арқылы көрген. Кейіннен Төлендиев театрға ауысқан кезде әйелі актриса ретінде халық алдына шықпай кетті. Қос өнер адамы бүгінде алты баланы тәрбиелеп отыр.
Келесі мақала