Басты жаңалықтар
Түрмедегі Ермегияевпен байланыс орнатқан экс-прокурор жұмыстан қуылды
- автор kyn.kz
- 28 маусым, 2018
- 338
Басшылық қызметтегі тағы он бес қызметкер жауапқа тартылды
Алматының бұрынғы прокуроры Ғабит Миразов түмеде отырған ЭКСПО-2017 көрмесінің сотталған бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевпен байланыс орнатқаны үшін жұмыстан қуылды. Бұл туралы Спутник сайтына сілтеме жасай отырып KYN.KZ хабарлайды
Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы істер агенттігінің төраға орынбасары Олжас Бектеновтың айтуынша, Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразов Бас прокуратураның шешімімен қызметінен босатылды.
"Ғабит Миразов лауазымды қызметі мен прокуратура органын пайдалана отырып, сотталған Ермегияевпен заңсыз байланыс орнатқан. Жазасын өтеп жатқан кездегі құқықбұзушылықтарын көре отырып, прокурорлық шара қолданбаған", - деді Олжас Бектенов.Сонымен қатар, Қаржы министрлігінің мемлекеттік аудит ішкі бөлімінің төрағасы Аниятулла Сәрсенов те қызметінен босатылды.
Агенттіктің мәліметінше, "Еңбек" АММ-де ол жүргізілген тексерістен кейін құқықбұзушылықтардың жоқтығы жайлы шешім қабылдаған. Мұндай шешімді ол Талғат Ермегияевтің өтінішімен қабылдапты.
Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, басшылық қызметтегі 15 қызметкер әр түрлі жауапкершілікке тартылды.
"Қылмыстық-атқарушы жүйенің төрағасы Азамат Базылбеков пен оның орынбасары Бекболат Төремұратовқа ескерту жасалды. Астанада Инвестици және даму министрлігінің комитет басшысы Ғалымжан Дұғалов пен осы комитеттің тағы бір басшысы Омаров қызметінен кетті", - деді Бектенов.Еске салайық, Астана ЭКСПО халықаралық көрмесінің бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев 14 жылға сотталған болатын.
Келесі мақала