Белгісіз біреулер көшенің қақа ортасында ер адамды көлікке күштеп салып алып кетті
Осыдан біраз уақыт бұрын желіде белгісіз береулердің бір адамды тепкілеп, күштеп "Мерседес Бенц Спринтерге" салып алып жатқан видеосы тарап кеткен болатын. Таразда болған оқиғаға кінәлі адамдарға қатысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған KYN.KZ
Енді олар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Еркінен тыс машинаға мінгізілген кісі сол сәтте есінен танып қалып, есікті полицейлер ашқанда ғана есін жиған. Сөйтіп оған жедел жәрдем шақыртылып, алғашқы көмек көрсетілген. Әзірге бір топ азаматтың мұндай қадамға не үшін барғандығы ресми түрде айтылмай жатыр.
Жәбірленуші де оған қатысты тіс жаратын емес. Тек ол өзіне танымайтын адамадардың күш көрсеткенін мәлімдеген. Ал, әлеуметтік желіде зардап шегушінің талайды тақырға отырғызған алаяқ екені жазылуда. Яғни қарыздарын қудалағандар оны көрген жерде ұстап, ақыры қолға түскесін алысқа әкетіп, одан ақшаларын өндірмек болған. Дегенмен істің жай-жапсары тергеуден кейін белгілі болады
Келесі мақала