Басты жаңалықтар
XIX ғасырда өмірге қауіп төндіретін киімдерді кию, қалыпты жағдайлардың бірі болған.
- автор kyn.kz
- 2 ақпан, 2023
- 272
Ер адамдар киген крахмалданған жаға қатайып иілмей, қан айналым жүйесіне әсер етіп, басқа оттегінің баруына кедергі келтірген
XIX ғасырда өмірге қауіп төндіретін киімдерді кию, қалыпты жағдайлардың бірі болған.
Мысалы нәзік жандылардың есінен тануға дейін әкеп соқтыратын корсеттің бірнеше түрі болған. Алайда бұндай келеңсіз жағдайлар ешкімді алаңдатпаған көрінеді. Мүмкін бұл тек әйел адамдарға қатысты мәселесі болғандықтан шығар.
Бірақ дәл осындай қиындықтар еркектерде де кездескен. Сол дәуірде еркектерге арналған алынбалы жағалар сәнде болған. Оны жейдеден бөлек алып жуу өте ынғайлы. Негізі жағалардың өздері зиянсыз, бірақ оларды крахмалдаған кезде, қатайып иілмей қалады екен. Бұндай жаға қан айналым жүйесіне әсер етіп, басқа оттегінің баруына тосқауыл қойған.
Ал дәл сол уақытта көбісі алкагольді сусындарға құмар деседі. Ішімдікке тойып алған адам басын абайсызда сәтсіз бұрып қалған жағдайда, крахмалданған жағасының кесірінен өмірімен де қош айтысқан сәттер болған екен.