Басты жаңалықтар
Тері обыры, күйдіргі, анемия, безгек, қант диабеті, гепатит және пневмонияны жеңіп шыққан танымал жазушы Хемингуэй
- автор kyn.kz
- 2 ақпан, 2023
- 272
Қаншама дертті жеңсе де, ішкі күйзелісінің шырмауына түскен тау тұлға. ол өмір бойы өз анасын жек көрген
Эрнест Миллер Хемингуэй 1899 жылы 21 шілде күні АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Оук-Парк қалашығында дүниеге келген. Американдық жазушы, журналист, 1954 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. Танымал жазушы қанша бейнет көрседе шығармашылығына адал болған жандардың бірі.
Мысалы Хемингуэй тері обыры, күйдіргі, анемия, безгек, қант диабеті, гепатит және пневмонияны жеңіп шықты. Екі ұшақ апатынан тірі қалған. Бүйрегі мен көкбауыры жыртылып, бас сүйегінің түбі сынған, омыртқасы сәтті біріктіріліп, сал ауруыннан аман қалған. Бір жыл өтпей жатып миы шайқалған. Өмірінің соңғы жылдарында ол терең күйзеліске батады. Соның салдарынан шыға алмай өзін ФБР агенттері аңдып жүр деп ойлап, өз-өзіне қол жұмсайды .
1980 жылдардың басы Жазушыға шынымен де бақылау жүргізілгені белгілі болды.