Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)
ашық дереккөз
Алматы қаласында №63 қоғамдық көлігінде белгісіз ер адам жұрттың көзінше жыныс мүшесін жалаңаштап, ондағы жолаушылардың зәре-құтын алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі. 22 жасар қыздың алдында жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған жігітке қандай шара қолданылғаны әзірге белгісіз. Елдің көзінше еш қымсынбай өз-өзінің жыныстық қажеттілігін қандырып отырған жігіттің бұл әрекетін көргендер таң қалысын жасырмады. Жыныстық зорлық-зомбылық толастамай тұрған кезеңде айтуға ауыз бармайтын әрекетін ашық түрде жүзеге асырып отырған жігітке желідегі жұрт та өз пікірлерін білдіріп жатыр. «Малғұнды тауып жазасын беру керек. Құқық қорғау органдары қайда қарап отыр», «Масқара, не боп бара жатырмыз», «Балаларымызды сыртқа шығаруға қорқатын болдық қой», «Мынау не масқара? Оңбағандар, жұрттың алдында не істеп отыр». https://youtube.com/shorts/bSGrfaWqkfo?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар