Басты жаңалықтар
Балаларымның бәрі қызметте, маған қарауға уақыты жоқ: Пәтер жалдаудан жалыққан 4 баласы бар қария қарттар үйіне келуге мәжбүр болды (видео)
- автор kyn.kz
- 3 ақпан, 2023
- 286
Қарағандылық қария 3 ұлы, 1 қызы бола тұра, қарттар үйіне жол тартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі.
Бейнежазбаның авторы, InDriver жүргізушісінің айтуынша, қарағандылық ер адам такси шақырып, қарттар үйіне жеткізуін өтінген.
Кезінде заңгер болған атамыз ұлдарының да өз жолын жалғастырып жүргенін айтты.
«Бәрі менің жолымды қуған. Бәрі – юрист. Бәрі үлкен қызметте. Үлкен ұлым – Қарағанды облысында тергеуші. Екінші ұлым 69 жылғы, прокурор. Үшінші ұлым Алматыда қызметте. Балаларымнан еш қайыр жоқ. Балаларымды көрмегеніме 6 жыл болды. Келмейді, жағдайымды сұрамайды. Жолдасымның қайтыс болғанына 48 жыл болды. Бұған дейін тұрған пәтер өзімдікі емес, жалдап тұрдым», - дейді ашынған әке.
Әкесінің арқасында Қазақстанның заң саласында қызмет атқарып, елге белгілі, абыройлы болып жүрген апталдай азаматтардың мейірімсіздігіне желідегі жұрт та жағасын ұстады.
«Сұмдық!!! Не болып жатырмыз, қазақтар? Масқара болдық. Алла сақтасын, елімізге сабыр бер», «Жетім болып өскенде білетін еді әкеөшешенің қадірін», «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» деп, атам қазақ бекер айтпаған. Құдай өзі жарылқасын. Ата-баба салт дәстүрін ұмытқанымыздың кесірі», «Ассалаумағалейкум, қазағым! «Әкең жынды болса, байлап бақ» деген. Өмір жалған. Әкеден дұрыс бата алмаған ұл мен қыз бұл жалғанда оңбайды», «Ұл емес, есектер ғой. Малдар», «Құдайдан безген ғой балалары».
https://youtu.be/eYN9nhjsixg