Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Заңдастыруға жарамайтын шетелдік көлік иесіне не істеу керектігі айтылды

Заңдастыруға жарамайтын шетелдік көлік иесіне не істеу керектігі айтылды
ашық дереккөз
Көпшілік тіркеуге рұқсат берілген кезде барып, астындағы көлігінің шетелдегі "тарихы таза емес" екенін біліп жатыр
Еліміздегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 23 қаңтардан бері ығы-жығы адам, ұзын-сонар кезек. Шетелдік көліктерін заңдастыру үшін жүргізушілер мұнда ағылып жатыр. Осы күнге дейін 10 мыңға жуық азамат қазақ нөмірін алып үлгерді. Ал тіркеуден өте алмай жүргені қаншама, деп жазды KYN.KZ сайты. "Көп адам көбінесе шетелден бөлшектеніп келген көлігін заңдастыруға ұмтылады. Ол не кедендік тазалаудан өтпеген, не ешқандай мемлекетте тіркеуде жоқ. Салығы төленбеген, көп азаматтың айыппұлдары бар. Шектеу шешілген соң ғана тіркеуге қойылады",- дейді Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болатбек Баятанов. Полицияның мәліметінше, сырт мемлекеттен әкелінген машиналардың 70 пайызы талапқа сай емес. Грузия, Қырғызстан, Ресей нөмірін таққан машиналардың дені  кедендік тазартудан өткізілмеген, іздеуде немесе кепілде тұр. Мәселен, бір Алматының өзінде 10 мыңнан астам өтініш түсіп, оның тек 1649-ы мақұлданған. Шетелдік көлігін заңдастырып алғандардың бірі – Амантай. Жігіт ағасы осы шаруаны бітіруге бас-аяғы үш күнім кетті дейді. "Машинаны бір жыл бұрын алғанмын. Шаруаларға, үйге, тірлікке. 700 мың теңгеге алғам. Қырғыздың машинасы. Кеше барып есептен шығартқыздым. Өзіміздің қазақ машиналар қымбат. Сондықтан да қырғыздың машинасын алдым. Енді мынандай қойғызады деп ойламадым. Бірақ, тәуба, бәрі ойымыздағыдай",-дейді  қала тұрғыны Амантай  Қартбағамбетов. Амантай көлік иесін таниды. Сондықтан еш кедергісіз көрші Қырғызстанға барып құжатын рәсімдеп келген. Ал елде жүрген шетел машиналарының көбі Қазақстанда қолдан-қолға өтіп, бірнеше адамның меншігі болып үлгерген. Көлігінің иесін танымайтын жүргізушілер жетерлік. Олар сол елдің тіркеуінен шығара алмай тығырыққа тіреліп отыр. Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны 1 шілдеге дейін жалғасады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар