Басты жаңалықтар
Таразда күйеуін өлтіргені үшін 8 жылға қамалған әйел 6 ай өтпей түрмеден босады
- автор kyn.kz
- 3 ақпан, 2023
- 256
Отбасылық жанжал кезінде үш баланың анасы күйеін пышақтап өлтірген болатын
Алты айдан кейін абақтыдан босатылды. Таразда күйеуін өлтіріп сегіз жылға сотталған әйел ақталып шықты. Ол жолдасынан өзін қорғаймын деп, оны өлтіріп алғаны дәлелденген, деп жазды KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасап.
Екі ай бұрын 43 жастағы үш баланың анасы «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабымен сегіз жылға түрмеге жабылған. Сотталушы қайта апелляциялық шағым түсірген. Басқа баппен істі қайта саралаған сот алқасы айыпталушының қорғану кезінде абайсызда жолдасын жазым қылғанын анықтаған. Сөйтіп оған бір жыл жаза тағайындаған.
Тергеу қапасында алты ай отырған әйелдің бір күні екі күнге есептеліп, ол бостандыққа шығып отыр. Қайғылы жағдай алты ай бұрын болған. Үш баланың анасы отбасында жанжал кезінде азаматтық некедегі күйеуіне пышақ сұғып алған. Бүйрек тұсынан жарақат алған 47 жастағы азамат ауруханаға жетіп көз жұмған.