Басты жаңалықтар
Бали аралында ажырасқан әйелді өз туысы мен қайын жұртының жазалау әдісі әлем халқын шошытты
- автор kyn.kz
- 6 ақпан, 2023
- 364
Ажырасқан жағдайда әйел қаңғыған жануармен тең
Бали аралында ажырасу әйелдерге үлкен жаза ретінде беріледі. Тұрмысқа шыққанға дейін қалауын жасап үйренген қыздардың отбасылы болған соң көп дүниеден қолы үзіледі, деп хабарлайды KYN.KZ.
Отбасылы әйел үйде отыруға және жұбайына қызмет етуге міндетті. Егер неке бұзылса, оның салдары әйелдер үшін өте ауыр.
Біріншіден, балаларынан көз жазып қалады, яғни баласын алып қалуға құқығы жоқ. Тек әкесімен бірге қалады. Балаларға қатысты барлық шешімдерді күйеуі ғана қабылдайды. Ал әкесі қайтыс болған жағдайда балаларына қатысты құқық оның ең жақын ер туысына өтеді.
Екіншіден, ажырасқан әйел өз әкесінің үйіне қайта орала алмайды. «Рухтар оны қабылдамайды» деген сенім бар.
Үшіншіден, аралдағы салтанатты рәсімдерге қатыса алмайды. Ал тек дін жолымен жүрген елдерде бұл тіптен ауыр әрі қатаң жаза саналады.
Мұндағы әйелдер ажырасқаннан кейін мүліксіз, үйсіз, құқықсыз және баласыз қалады.