Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қойшы, сенікі жөн деген сайын елірмей»: Желіде көйлек киіп Shakira-ға пародия жасаған Ізбасханова тағы да елдің сынына ілікті (видео)

«Қойшы, сенікі жөн деген сайын елірмей»: Желіде көйлек киіп Shakira-ға пародия жасаған Ізбасханова тағы да елдің сынына ілікті (видео)
ашық дереккөз
Бұған дейін Түркияда, қазір БАӘ-де демалып жүрген талантты әнші Гүлмира Ізбасханова колумбиялық әнші Shakira-ға пародия жасаймын деп тағы да жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды KYN.KZ. Әлеуметтік желіге не салса да, жұрттың көңілінен шыға алмай жүрген әнші Гүлмира Ізбасханова бұл жолы да елге жақпай қалды. Ол өзінің БАӘ-де жүріп түсірген бейнежазбасын парақшасына салып, оқырмандары арасында дау туғызды. Бейнежазбада ол көйлек киіп, шетелдік әншіге пародия жасаған. Желідегі жұрттың кейібірі оның көйлек кигенін ұнатып, оң пікір қалдырса, енді бір оның бұл жүрісін дұрыс емес екенін айтып, әншіге ескерту жасады. «Осы қыздың есі дұрыс па», «Қойшы, Гульмира сенікі жөн деген сайын елірмей, өлеңдерің жақсы, керемет. Бірақ кей қылықтарың фууу», «Әп-әдемі қыз екен ғой, өстіп киініп жүрсе», «Жынды ма? Не істеп жүр мынау», «Еркек еркек болыр жүру керек», «Жарасады көйлек, одевайся так, Гульмира», «Гүлмира тұрмысқа шықты ма? Көйлек жақсы жарасады, бірақ осылай жүрісің жараспайды екен», «Ұсқынсыз болып тур», «Керемет образ, бәрібір қандай киімде болсаңыз да», - деп жарыса жазып жатыр әншінің екіге бөлінген оқырмандары. https://youtube.com/shorts/govzzHgdDGY?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар