Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Журналист Егеубаева ұлына белгісіз біреулердің шабуыл жасағанын айтты

Журналист Егеубаева ұлына белгісіз біреулердің шабуыл жасағанын айтты
ашық дереккөз
Белгілі журналист Динара Егеубаеваның ұлына қаруланған белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Бұл туралы журналист әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі. Журналистің айтуынша, ұлы Алматыда өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласына дүкенге шыққанда қарулылар тап берген. Күтпеген жерден қарулы шабуылға жолыққан ол қашып құтылған. «Ұлыма мылтықпен шабуыл жасады. Ұлым Еуропалық Одақтың азаматы. Тоқаев мырза, халықаралық жанжал болғанын қалап тұрсыз ба? Иттеріңізді байлап ұстаңыз», - дейді журналист. Болған жағдайды естіген жұрт журналистке ұлын Еуропаға жіберуін айтып, алаңдаушылығын білдірді. Тіпті саяси терроризм екенін де жазып, абайлауын ескертті. «Не сұмдық, қалай мұндай әрекетке барады», «Шұғыл түрде елшілікке хабарласып, ұлыңызды Еуропаға жіберіңіз», «Бұл – бандитизм емес, саяси террор», «Старый Қазақстан».
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар