Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарсыласын тістеп алған дзюдошы Әбілқадырова «диван батырларға» бейнеүндеумен жауап берді

Қарсыласын тістеп алған дзюдошы Әбілқадырова «диван батырларға» бейнеүндеумен жауап берді
ашық дереккөз
Дзюдошы Әйгерім  Әбілқадырова өзін сынаған «диван батырларға» жауап беру мақсатында бейне үндеу жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі. Парижде өткен «Үлкен дулыға» турнирінде бельгиялық дзюдошыдан жеңіліске ұшыраған қазақстандық дзюдошы Әйгерім Әбілқадырова өзінің қарсыласын неге тістегенін түсіндірді. Ол бельгиялық Шарлин ван Сникпен кездесіп, жеңіліп қалды. Әйгерімнің қарсыласы оны иппонмен ұтты. Алайда Әбілқадырова өзінің жабайы әрекетімен көпшіліктің жадында қалды. Жеңіліске ұшыраған дзюдошы қарсыласының аяғын тістеп алған. «Бельгиялық қарсыласым шынтағыма бар салмағымен қатты соққы берді. Мен берілуге сигнал бердім. Соған қарамастан қолымды сындырды. Шынтақ буынымның қалай сынғанын, тіпті өз құлағыммен естідім. Амалдың жоқтығынан және қатты ауырсынудан оны тістеп алғанымды өзім де байқамай қалдым. Төреші де менің жағдайыма қарамады, берген белгіме жауап бермеді, жекпе-жекті де тоқтатпады», - деді Әйгерім Әбіқалдырова. Сондай-ақ дзюдошы жекпе-жектегі әрекетін сынаушыларға бөлек жауап берді. «Айтпақшы, маған негатив жазып жүрген жігеттер! Егер қолдарыңыздан келсе, келіп бәрін бетіме айтыңыздар». Посттың астындағы комментаторлар бельгиялық әйел жаман әрекет жасады деп жазып, дауласушыны қолдады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар