Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айгүл Орынбек: Шымкенттегі қыз зорлау сынды мыңдаған маңызды істі қойып, бір топ полицей мені аңдып жүр

Айгүл Орынбек: Шымкенттегі қыз зорлау сынды мыңдаған маңызды істі қойып, бір топ полицей мені аңдып жүр
ашық дереккөз
Заңгердің мәліметінше, полиция қызметкерлері күнде оның үйінің алдын күзетіп, қажетті құжаттарды көпқабатты үйдің баспалдағында тұрып рәсімдеп, тіпті кезекшілікпен қабылдап жатқан көрінеді. Бұл турады ол әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ. «Бірінші күні келгенде ӘҚБК-нің 812-бабына сүйеніп, тұрғылықты мекенжайым бойынша қараулары қажеттілігін жеткізіп, өтінішхат жазып бергем. Соны орындамай, өз тұрғылықты жеріме өндіріске өткізбей, келесі күні қайта келіп тұрғанда қайтарып жібергем. Бір сағат өткен соң, түнгі сағат 22:00-де қоқыс төгуге шықсам, полиция қызметкерлері құжаттарды менің үйімнің баспалдағында қабылдап тұрғандарына куә болдым. Яғни, Абай АПБ учаскелік полиция инспекторлары Қаратау АПБ-ға шұғыл түрде табыстап жатыр». Түнгі уақытта үйін қарауылдап тұрған полиция қызметкерлері асығыс құжаттармен таныстырып, заңгер ұсынған дәлелдемелерді, тіпті көз қырын да салмай, хаттама толтырмақшы болған. Оларға таң атқан соң полиция бөлімшесіне арнайы баратынын ескертіп, үйіне кірген. «Әкімшілік істі «Сотқа тез-тез өткізіңдер», деп бұйрық берген Шымкент полиция департамент басшыларына ҚР Бас прокуратурасы шара көрмей ме сонда? Неге менің құқығым тапталуы керек? Мен заң жүретін елде өмір сүріп жатырмын ба әлде тек генерал бұйрығы орындалатын мемлекетте ме? Қандай да менің тарапымнан құқықбұзушылық болса, мәдениетті түрде полиция бөліміне шақырса, Мен әркез баруға дайынмын», - дейді құқықбұзушылықпен айыпталып жатқан Айгүл Орынбек.«Генерал Дәлбеков, неге түн ортасында қылмыскерге жібергендей үйіме 4-5-еуден сақшы жөнелтіп, Менің Конститутциялық құқықтарымды өрескел бұзып отыр? ГЕНЕРАЛДЫҢ бұйрығы - АДАМ құқығынан жоғары болмауы кере». Айгүл Орынбек аталған жағдайға байланысты өткен сот отырысында жеңіске жеткенін айтып,  қызметін асыра пайдаланып, істі соттың қарауына жіберген тұлғаға қатысты тиісті шара қолдануын талап етті. «Бүгін сотта жеңіске жеттім! Әділ қаулы шығарған Ниязбек Серік Қойшыбайұлына алғысымды білдіремін! «Әкімшілік құқықбұзушылық құрамы жоқ» деп, менің конституциялық құқықтарымды өрескел бұзған полиция қызметкеріне қатысты жекеше қаулы шығарылды. Қалада қылмыстық істер ашылмай қаншама адам жылап-еңіреп жүргенде, ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлер құрықталмай жатқанда, жәй ғана әкімшілік іс бойынша бір өзіме төрт-бесеуден топтастырып полиция жіберіп, телефонмен сақшыларға қайта-қайта хабарласып, қызметін асыра пайдаланып, істі сотқа жолдаған «Тұрғынович» деген басшыға қандай шара көріледі? Антикор мен Прокуратура қадағалауға аламыз. ГЕНЕРАЛДЫҢ бұйрығы - АДАМ құқығынан жоғары болмауы керек».
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар