Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда 11 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш алған дәрігер бұл жағдайдың қалай пайда болғанын түсіндірді

Алматыда 11 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш алған дәрігер  бұл жағдайдың қалай пайда болғанын түсіндірді
ашық дереккөз
Дәрігер өзі айтқандай белгілер бар балаларды жыл сайын тексеріп тұру керектігін ескертті
Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында асқазанында көп шаш жиналған 11 жастағы балаға шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды  KYN.KZ Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
«Баланың іші ауырып, бір апта бойы құсып, тәбеті болмады, оны жалпы әлсіздік мазалаған. Ауруханаға жатқызылғанға дейін қыз асқазан-ішек жолдарының бұзылуына байланысты амбулаторлық ем қабылдаған. Ақпанның 1-інде бала жедел аппендицитке күдікпен қабылдау бөліміне жеткізілді, оның диагнозы динамикалық бақылау барысында жоққа шығарылды», - дейді БШМККО іріңді және кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.
Қызға шұғыл түрде іш қуысы мүшелеріне УДЗ, эзофагогастродуоденоскопия жасалды. «Аспаптық тексеру сатысында асқазан көлемді «дыбыс іздерін» құрайтын көптеген эхо-теріс түзілістермен толғаны белгілі болды. Зерттеу нәтижелері асқазан қуысында көлемді түзілісті көрсетті: асқазанда көптеген гетерогенді бөлшектен, шаш өрімінен және шырыштан тұратын оның бүкіл көлемін толтыратын лас қара түсті бөгде дене анықталды. Қорытынды: асқазанның трихобезоары», - дейді бөлім меңгерушісі Саматбек Мырзахмет. Дәрігерлер науқасқа наркозбен лапаротомия, гастротомия, асқазаннан бөгде затты алып тастау отасын жасады. «Асқазан қуысында 16*6*5 см, салмағы 1000 г үлкен көлемдегі тығыз, көптеген шаштан тұратын тамақ массасы мен шырыш жабысқан конгломератпен бейнеленген бөтен дене (трихобезоар) табылып, шығарылды», - деді БШМККО балалар хирургі, м.ғ.к. Сәуле Сүлейманова. Жұту нәтижесінде асқазан-ішек жолына түсетін бөгде денелер безоарлар деп аталады. Ең көп кездесетіні өсімдік тектес фитобезоарлар, олардың пайда болуының себебі - жаңғақ, інжір, жүзім, шабдалы, цитрус жемістері және т.б. Органикалық текті безоарлар кейбір дәрілік заттар, лак, шайырды жұтқанда асқазанда түзіледі. «Педиатриялық тәжірибеде шаш немесе жүннен түзілген асқазандағы түзілімдер ерекше қызығушылық тудырады. Мұндай безоарлар шаш, қас және кірпігін жұлып, жұтатын патологиялық бейімділігі бар қыздарда кездесіп, триотротилломания деп аталады. Бұл ауру жабысқақ күйініш бұзылысы бар балаларда, девиантты мінез-құлықты балаларда жиі кездеседі. Нәтижесінде асқазанда тамақ массасы мен шырышпен қанығып жабысқан шаш шүйкесі пайда болады. Кейде үлкен трихобезоар асқазаннан ұлтабар мен аш ішекке дейін жетеді», – дейді медицина ғылымдарының кандидаты, балалар хирургы Сәуле Сүлейманова. Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының мәліметінше, бұл - 2023 жылы «асқазанның трихобезоары» диагнозы қойылған алғашқы жағдай. «Патологияның салыстырмалы түрде сирек болуына байланысты практикалық дәрігерлер қауіп тобындағы балаларды уақтылы тексермейді, ал трихобезоарлар үлкен мөлшерге жеткенде немесе ауыр және өмірге қауіп төндіретін асқынулар дамыған кезде ену және қан кету бар асқазан жарасы, асқазан қабырғасының некрозы, ішек өтімсіздігі сияқты диагноз қойылады. Сонымен қатар, трихобезоардың түзілуі балалардың өмір сүру сапасына әсер ететін анемия, гипопротеинемия, кахексиямен қатар жүруі мүмкін», - деп қосты Сәуле Сүлейманова. Асқазан трихобезоарының белгілері олардың мөлшеріне, локализациясына және қалыптасу ұзақтығына, сондай-ақ олармен байланысты асқынуларға байланысты. Бұл ауру жүрек айну, төс асты аймағындағы ауырсыну, қышқыл иіспен кекіру, тәбеттің төмендеуі, мерзімді құсу, жалпы әлсіздік, салмақ жоғалту сияқты жиі шағымдармен сипатталады. Трихобезоардың өсуі асқынуға - қан кетудің дамуымен асқазанның шырышты қабығының жарасына (геморрагиялық гастрит) әкелуі мүмкін.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар