Басты жаңалықтар
"Титаник" кемесінде болған миллионер Джон Джейкоб Астор өлім аузында қалсада адамдық қасиетінен аттамады
- автор kyn.kz
- 6 ақпан, 2023
- 550
"Титаник" кемесіндегі миллионерлер қайықтағы орындарын қарапайым адамдарға беріп, олардың өмірін аман сақтап қалған
«Титаник» суға батқан кезде оның бортында миллионер Джон Джейкоб Астор IV болған, деп жазды KYN.KZ
Оның банк шоттарында осы Титаниктің 30- ын салуға жеткілікті ақша болған.
Алайда, өлім қаупіне тап болған соң, өзінің тандауының моральдық тұрғыдан дұрыс екеніне сенімді болды. Джон құтқарушы қайықтағы орнын әбден қорқып қалған екі балаға берді.
Сонымен қатар Америкадағы ең ірі әмбебап дүкендер желісі Macy's -тің де иесі, Исидор Страусста Титаникте болған. Исидор: «Мен басқа еркектерден бұрын құтқару қайығына мінбеймін» деген. Оның әйелі де қайыққа отырудан бас тартып, орнын жаңадан жалданған қызметші Эллен Бердке берді.
Әйелі өмірінің соңғы сәттерін күйеуімен бірге өткізуді таңдады. Бұл байлар өздерінің байлығынсыз, тіпті өмірінсіз қалуды жөн көрді, бірақ моральдық принциптерінен атап кетпеді.